457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жастар үшін кредит беру талабы өзгереді

Тек ресми түрде тіркелген табысы болса ғана кредит ала алады.

Енді қаржы ұйымдары жастарға тек қана ресми түрде тіркелген табысы болса ғана кредит бере алады. Бұл 18-21 жас аралығындағы азаматтарға арналған шектеу.

Бұл туралы мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

«Депутаттар толығымен жастарға кредит беруді ұсынған. Бірақ толығымен кредит бермеу ұсынысы түсті, жұмыс тобында оны талқылады. Біздің пікіріміз бойынша кредит алуға мүмкіндігі болуы керек. Бірақ оны алу үшін ресми түрде тіркелген табысы да болуы керек», - деді Әбілқасымова.

 

Фото: ашық дереккөзден