Зеленский: Соғыста қаза болған украин сарбаздары 80 мыңнан әлдеқайда аз

Жақында біреу америкалық баспасөзге 80 мың украиналық қайтыс болды деп жазды. Мен сізге одан әлдеқайда аз екенін айтқым келеді

Аялдар Күнтуған

  • 03.12.2024

                           Фото: ВВС

Украина президенті Владимир Зеленский сұхбатында Ресей Украинаға басып кіргеннен бері қайтыс болған украиналық әскерилердің саны 80 мыңға жетпейтінін айтты. Бұл жөнінде ВВС жазды.

«Жақында біреу америкалық баспасөзге 80 мың украиналық қайтыс болды деп жазды. Мен сізге одан әлдеқайда аз екенін айтқым келеді», – деген Президент сөзін Украина президентінің баспасөз қызметі жариялады.  Зеленскийдің жапондық Киодо ақпарат агенттігіне берген сұхбатының үзіндісін Укринформ агенттігі елге ұсынды.

Зеленский Украина армиясынан нақты қанша әскер қаза тапқанын айтудан бас тартты. Соңғы екі айда әртүрлі батыс басылымдары Украина әскерінен 57-100 мың адам қайтыс болды деген долбар айтқан, бірақ бұл жай ғана болжам.

Екі тарап та өздерінің құрбандары туралы мәліметтерді жарияламайды. Украина қаза тапқандар туралы мәліметтерді соғыс аяқталғаннан кейін ғана жариялайтынын мәлімдеді. Ақпан айында Зеленский Украина қорғаныс күштерінің сапынан қаза тапқандар саны 31 мың адамға жеткенін айтқан болатын.

Kyodo News агенттігіне берген сұхбатында Зеленский Ресей басып алған аумақтарда қанша қарапайым халықтың қаза тапқанын білмейтінін баса айтты.

«Оккупация кезінде бейбіт тұрғындар, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тағы басқалар болды. Ал олардың қаншасы өлді, қаншасы тұтқында азапталды... білмеймін», – деді Украина президенті.

ВВС-дің орыс қызметі өз жобасы аясында қараша айының соңына қарай 81 мыңға жуық Ресей әскерінің қаза тапқанын анықтаған. Бұл ресейлік әскерилер өлімінің аз ғана бөлігі болуы мүмкін, өйткені олардың көпшілігі туралы ақпарат жалпыға қолжетімді емес.

Байланысты жаналықтар

Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

26.12.2024

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

26.12.2024

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

25.12.2024

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

25.12.2024

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

25.12.2024

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

25.12.2024
MalimBlocks
Грузиядағы наразылық бір айдан бері тоқтамай тұр

Зурабишвилидің президенттік өкілеттігі 29 желтоқсан күні аяқталады.

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

Молдова президенті Ресейге ескерту жасады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті