Жириновский: Қазақстандағы орыстарға Ресей паспортын беруді тездету қажет

Malim Админ

  • 26.07.2021

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский кезекті рет Қазақстанаға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл жолы ол Қазақстанда тұратын орыстарды Ресейге тез арада көшіру керектігін айтты. Оның сөзінше, Орталық Азия мен Қазақстандағы жағдай ушығуы мүмкін.

«Орталық Азияда жағдай ушығып, қақтығыстар да болуы мүмкін. Мен өзім сол жақтанмын. Жерлестеріме кеңес бергім келеді. Қақтығысты күтіп отырудың қажеті жоқ. Ресейге көшіңіздер. Біз ішкі істер министрлігіне хат жолдадық. Орталық Азия мен Қазақстандағы орыстарға Ресей паспортын беруді тездету қажет. Екі жыл емес, бір айдың ішінде беру керек. Сыртқы істер министрлігі де Орталық Азия мен Қазақстандағы консулдықтарға тапсырма беріп, жұмыс қарқынын арттыруы қажет», - деді Жириновский.

Бұл ЛДПР партиясының көшбасшысы Владимир Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтқан алғашқы даулы мәлімдемесі емес. Ол бұған «Қазақстанның солтүстігі Ресейдің жері», «Қазақстан Ресейдің бір губерниясы болуы тиіс» деген сарындағы бірнеше мәлімдеме жасаған. Осыған байланысты Қазақстан СІМ Ресейге қарсылық нотасын да жіберген.

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті