Жұманғарин: Көптеген компаниялар салықтан жалтарып отыр

Malim Админ

  • 11.02.2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінде Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық реформасы туралы есеп берді. Бұл туралы Orda.kz-ке сілтеме жасап www.malim.kz хабарлады.

Ол «ҚҚС ставкасының көтерілуі инфляцияға қысқа мерзімге әсер етеді және жыл ішінде толықтай жойылады» деп атап өтті.

«Қосымша инфляция үш пайыз болады деп күтілуде», – деді Жұманғарин Үкімет отырысында.

Үкімет ҚҚС ставкаларын 16%-ға көтеру және дифференциациялау бюджеттегі мұнайдан түскен өзгермелі табыстарға тәуелділікті азайтады, Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтеді және мемлекеттік маңызды жобаларды қаржыландыруға көмектеседі деп болжап отыр.

«Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ҚҚС-тан босатуды ұсынамыз. Қазір шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді. Біз бұл жүйені сақтаймыз. Осылайша, Қазақстанда өндірілген барлық өнім (картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат және т.б.) бәсекеге қабілетті болады».

 «Көптеген компаниялар салық төлеуден жалтару үшін бизнесін жасанды түрде бөліп жатыр. Бұл салық жүйесін әлсіретеді және ҚҚС-ты қалыпты түрде есепке алуға кедергі келтіреді. Сондықтан тіркеу шегін 80 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз», – деді ол.

Фото: Астана телеарнасы

Байланысты жаналықтар

Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

28.03.2025

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

03.03.2025

Олжас Бектенов: Екі апта уақыт беремін. Салықтарыңды төлеңдер!

28.02.2025

Ұлытау облысында салық кодексіндегі түзетулер талқыланды

13.02.2025

Жұманғарин Алматыда ҚҚС бойынша бизнес өкілдерімен кездесті

12.02.2025

Сарапшы: Президент Тоқаев ҚҚС-ң талқылау шеңберін нақты белгіледі

08.02.2025
MalimBlocks
Бәрі салық төлесе, кәсіп өсе бастайды - сарапшы

PR маманы, журналист, қаржы саласының маманы Айбар Олжаев ҚҚС мен кәсіп туралы сөз қозғады

ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады

Биыл 2,5 трлн қаражатқа шығындалыппыз