Журналистерге арналған бірегей сөздік шықты

Malim Админ

  • 06.09.2021

Бүгін  «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесері өтті.

 «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген.

Отандық БАҚ-тарға арналған қазақ тіліндегі сөздікті жасау идеясының авторыь- президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев. Жоба жетекшісі - ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.

"Соңғы кезде қазақша баспасөз бен теле-радио арналар тілінде әртүрлі қателердің белең алғаны туралы жиі айтылып жүр. Уақыт өткен сайын мұндай қателер күнделікті қолданысқа еніп кетуі мүмкін. Одан ана тіліміздің табиғаты бұзылып, сауаттылық деңгейінің төмендеуі ықтимал. Сондықтан біз осы мәселені шешу үшін беделді ғалымдар мен тіл мамандарын жинап, осы сөздікті жасап шығардық. Сөздікте жиі кездесетін екі мыңнан астам қате қолданыс жинақталған. Олар жан-жақты түсіндіріліп, дұрыс нұсқасы көрсетілген. Негізінен стильдік және емлелік қателер, калька атаулар, жасанды сөз тіркестері, яғни жүйелі қателер іріктелген", - дейді Дәурен Абаев.

Абаевтың айтуынша, бұл сөздікті әзірлеу үшін тіл мамандары бірнеше ай бойы еңбек еткен.

Сөздік бірінші кезекте қазақ тіліндегі БАҚ редакторларына, сондай-ақ қазақ тілінде сауатты жазуға тырысатын қалың бұқараға тұрақты пайдалану үшін ұсынылады.

Сөздік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде ұсынылған және Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Президент әкімшілігі тілді амытуға арналған басқа да жобаларды жақында таныстырмақ.

Байланысты жаналықтар

Петицию о признании выборов нелегитимными запустил экс-кандидат в депутаты

24.03.2023

В Молдове решили языковой вопрос

24.03.2023

Одномандатники "Аманата" победили на выборах

20.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

20.03.2023

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

20.03.2023

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023
MalimBlocks
Петицию о признании выборов нелегитимными запустил экс-кандидат в депутаты

Общественный деятель и кандидат в депутаты на прошедших 19 марта парламентских выборах Калибек Калиолданов запустил онлайн-петицию о признании выборов нелегитимными. Текст обращения, опубликованный в воскресенье, 23 марта, он адресовал главе государства.

В Молдове решили языковой вопрос

Президент Молдовы Майя Санду в среду, 23 марта, подписала указ о переименовании в конституции страны государственного языка с "молдавского" на "румынский", пишет Deutsche Welle.

Одномандатники "Аманата" победили на выборах

Центральная избирательная комиссия представила предварительные итоги выборов в мажилис по партийным спискам и одномандатным округам.

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты

Көп дауыс алған кімдер?

ЕҚЫҰ өкілі: Сайлауалды науқан белсенді өтті

Науқан барысында әкімшілік кедергілерге де тап болды

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.