Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.