Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

Саясат
Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі

"Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды рөл атқара беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгеніне назар аударып, халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу