Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президент Жолдауы қашан болатыны айтылды

Қоғам
Президент Жолдауы қашан болатыны айтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00–ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бүгін Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды.

Фото: Ақорда  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу