Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин ядролық күштердің оқу-жаттығуын өткізді

Әлем
Путин ядролық күштердің оқу-жаттығуын өткізді

Ресей стратегиялық ядролық күштерінің қатысуымен ауқымды оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды Malim.kz Кремльге сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Плесецк ғарыш айлағынан Камчаткадағы «Кура» полигонына «Ярс» құрлықаралық баллистикалық зымыраны ұшырылды.

Сонымен қатар, Баренц теңізі акваториясынан «Брянск» атомдық суасты зымыран крейсерінен «Синева» зымыраны жіберілген.

Оқу-жаттығуға сондай-ақ Ту-95МС алыс қашықтықтағы стратегиялық бомбалаушы ұшақтары да тартылды.

Ресми мәлімет бойынша, жаттығуды Владимир Путиннің өзі басқарған. Таралған видеода Путиннің бос бөлмеде жалғыз отырып, әскери басшылықпен видеобайланыс арқылы сөйлесіп отырған сәті көрсетілген.

Кремльдің мәлімдеуінше, стратегиялық ядролық күштердің оқу-жаттығуы барысында қойылған барлық міндеттер толық орындалды.

Фото: ТАСС/Владимир Смирнов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу