Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қай аймақтарда жолдар жабылды?

Оқиға
Қай аймақтарда жолдар жабылды?
Kazinform

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Маңғыстау облысы

• Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» 332-632-шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы

• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автомобиль жолының 0-234-шақырым аралығындағы Қарабұтақ елді мекенінен Қостанай облысының шекарасына дейін;
• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240-шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қостанай облысы

• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автомобиль жолының 234-385-шақырым аралығы Ақтөбе облысы шекарасынан Денисовка елді мекеніне дейін.

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362-шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу