Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын айтты

Шоу-бизнес
Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын айтты

Қазақстанның эстрада жұлдызы, танымал әнші Қайрат Нұртас АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл кездесуде өнер жұлдызы «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаевпен атом электр станциясының салыну жобасына байланысты пікір алмасты.
Қайрат Нұртас өз сөзінде елімізде атом электр станциясын салу жобасының жүзеге асырылуына толық қолдау білдіретінін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жарияланған жалпыхалықтық референдумды маңызды қадам ретінде қарастыратынын және 6 қазан күні өтетін референдумда белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді.
Әнші сонымен қатар, өзінің видеоүндеуінде халықты осы науқанға белсенді қатысуға шақырды. Ол барша тыңдармандарына референдумның маңыздылығын айтып, өз дауысын беру арқылы еліміздің болашағына үлес қосуға үндеді.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу