freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қанат Бозымбаев әуе таксиіне қатысты пікір білдірді

Қоғам
Қанат Бозымбаев әуе таксиіне қатысты пікір білдірді
Getty Images

Қанат Бозымбаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы әуе таксиінің шамамен қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, дрон арқылы тасымалдау уақыт өте келе қолжетімді бола түседі. Қазақстанда аэротакси мен жолаушылар дрондарын дамыту мәселесі талқыланып жатыр. Қанат Бозымбаев мұндай технологиялар көпшілік ойлағаннан да жылдам күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналуы мүмкін екенін атап өтті.

«Технологиялар өте жылдам дамып жатыр, әуе арқылы жеткізу қызметі де тез әрі арзан бола түсуде. Сондықтан дрон түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттары іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктер секілді, бәлкім одан да кең таралған көлік түріне айналуы мүмкін», - деді ол.

Вице-премьердің айтуынша, бұл салада жеке кәсіпкерлер де жұмыс істей алады. Ол үшін арнайы талаптарға сай болып, Алатау қаласында қызмет жүргізуге лицензия алу қажет болады.

«Менің ойымша, Алатау қаласы Алматы және Алматы облысымен бірге үлкен агломерация ретінде ортақ ереже қабылдайды», - деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ ол болашақта аэротакси жүйесі қалай жұмыс істеуі мүмкін екеніне мысал келтірді. Айтуынша, жолаушылар Алматы халықаралық әуежайынан ұшатын дронға алдын ала тапсырыс беріп, ұзақ кептелістен құтыла алады.

«Мысалы, жолаушы Алматы әуежайына келді делік. Қазір кептеліске байланысты жолға бір жарым-екі сағат кетеді. Болашақта әуежай маңында дрондар орналастырылады. Адам ұшуды алдын ала брондайды. Қазір шамамен тариф бір шақырымға бір доллар болуы мүмкін. Яғни 15 шақырым үшін 15 доллар төлеп, тез жетеді. Бизнес арасында бәсеке күшейген сайын бұл қызмет арзандай түседі. Сонымен қатар жүк жеткізу бағыты да дамиды», - деді вице-премьер.

Бұдан бөлек, Алатауда салынып жатқан жаңа ғимараттарды жолаушылар және жүк тасымалдайтын дрондарға бейімдеу жоспарланып отыр. Бозымбаевтың айтуынша, бұл болашақта әуе арқылы тасымал мен жеткізу жүйесін қиындықсыз ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу