Алматы әуежайын басып алғаны үшін 4 жылға сотталған журналист Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Malim.kz Orda.kz сайтына сілтеп.
Әйгерім Тілеужанның қорғаушысы мен құқық қорғаушылары бірнеше рет талап еткеннен кейін белсенді ауруханаға жатқызылды.
Еске салайық, 2022 жылдың қазан айында Әйгерім Тілеужан Алматы әуежайындағы қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты күдіктіге айналғанын мәлімдеген болатын.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-баптың 1-бөлігімен (шетелден алынған қаражатты пайдалана отырып, зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша айып тағылды.
2023 жылдың сәуір айының басында Тілеужан бұл істі саяси астары бар деп атады. Ол 2023 жылдың 11 шілдесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.