Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қара бетперде таққан жігіт 34 отбасыға үй сыйлады

Қоғам
Қара бетперде таққан жігіт 34 отбасыға үй сыйлады

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал қара бетперде таққан жігіт су тасқынында зардап шеккен 34 отбасыға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлайды Malim.kz.

"Кешірерсіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой, иә? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар", - деді видеода бетперде таққан жігіт.

Осылайша баспаналы болғанына сене алмаған тұрғындар көзіне жас алып, алғысын айтады.

"Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы. Әлемді бірге жақсы жаққан қарай өзгертейікй, - делінген жазбада.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу