Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда 4-сыныптың үш оқушысы сыныптасын аяусыз ұрып, ауруханаға түсірді

Оқиға
Қарағандыда 4-сыныптың үш оқушысы сыныптасын аяусыз ұрып, ауруханаға түсірді
pixabay.com

Қарағандыда 4-сыныптың үш оқушысы өз сыныптасын жабылып, қатыгездікпен ұрып-соққан. Бала кейін ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Вечерняя Караганда” Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

10 жастағы Мирас Мамаев қазір Оңтүстік-Шығыстағы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оны төбелестен кейін анасы поликлиникаға апарған. Сол жерден дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер Мирасқа ми шайқалды деген күдікпен және ішкі ағзаларынан жарақат бар ма деп бақылауға алған.

Анасы Жібектің айтуынша, Мирасты сабақ біткеннен кейін бірден №24 мектептің өз сыныптастары соққыға жыққан. Олар оны мектептің қақпасының сыртында тосып тұрған.

"Балама олардың жеке-жеке шамасы келмейтін. Өйткені ол каратэге қатысады, жарыстарда жүлде алып жүреді. Сондықтан екеуі қол-аяғын ұстап, үшіншісі үстіне мініп алып ұрған", – деді ол.

Мирас үйге жылап келген. Анасы оның өзін жайсыз сезініп тұрғанын байқап, бірден дәрігерге апарған. Поликлиникадан оны дереу жедел түрде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер баланың төбелестен кейін түскенін тіркеп, іске ювеналдық полиция араласа бастаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу