freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда үш әйел зейнеткерді алдап, 15 млн теңгенің ақшасы мен алтынын иемденген

Оқиға
Қарағандыда үш әйел зейнеткерді алдап, 15 млн теңгенің ақшасы мен алтынын иемденген

Қарағандыда үш әйел 78 жастағы зейнеткерді «бойыңызда өлім қарғысы бар» деп сендіріп, 15 миллион теңге тұратын ақша мен алтын әшекейлерін иемденіп кеткен. Күдіктілер кейін Теміртауда ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz.сайтына сілтеп. 

Полицияның мәліметінше, бейтаныс әйелдер зейнеткермен көшеде танысып, оның жақын адамына қауіп төніп тұрғанын айтып қорқытқан. Олар «қарғысты қайтару» үшін түрлі жоралар жасау керектігін айтып, алдымен ине мен шикі жұмыртқа әкелуді сұраған.

Кейін алаяқтар қарғыс ақша мен алтынға да өткенін айтып, барлық бағалы заттарды газетке орап беруді талап еткен. Зейнеткер олардың айтқанына сеніп, үйінен қолма-қол ақшасы мен алтын бұйымдарын алып келген. Жалпы шығын көлемі 15 миллион теңгені құраған.

Күдіктілер бағалы заттарды бос қағазға алмастырып, түйіншекті 40 күн өткен соң ғана ашуды тапсырған. Алайда зейнеткер үйіне барған соң күмәнданып, ораманы ашқанда ішінде тек бос қағаз жатқанын анықтап, полицияға жүгінген.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер Теміртау қаласында ұсталды. Олар Павлодар, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу