Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

Саясат
ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандыққа шықты

22 маусым күні Қытайда туған қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы сегіз ай қамауда болып, Семейдегі колониядан босап шықты. Бұл туралы олардың адвокаты Ләззат Ахатова хабарлады.

«СҮЙІНШІ, БОСТАНДЫҚ!!!

Екі бауырымыз ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандықта!!!

Кешелі бері хабарласып жатқан, екі жігіттің түрмеден босаған кезінде жанында боламыз деген семейлік ағайыннан, басқа да бауырлардан, журналистерден үлкен КЕШІРІМ сұраймыз!

Мұрагердің әпкесі Нұргүлге колониядан хабарлағанда, бүгін 11:00-де келіп, алып кету керек деген болатын. Біз келем деушілерге сол уақытты айтып едік. Алайда, таңғы сағат 6:00-де, ұйқыдан телефон қоңырауы оятты. Колониядан хабарласып, тез келуімізді сұрады. Себебін келген соң естисіздер деген соң, үрейленіп, тез арада киініп, не болды деп, Нұргүл, Әділ (Нұргүлдің жолдасы) үшеуміз колонияға жеттік. Телефондарымызды тапсырып, ішке кіргенде, мекеме басшысы алдымыздан шығып, екі жігітті ешкіммен байланыстырмай, алып шығуымызды өтінді. Өйткені, мекемеден короновируспен ауырғандар шығып жатыр екен. “Екеуінің де, басқа адамдардың да денсаулығы мен өмірін ойлаңыздар. Қазір осындай кезең, вирус ошағы Семейден шығып жатыр. Қастердің де ыстығы көтеріліп, біраз ем қабылдады”- деген соң, таңғы 7:00-де қаладан шығып кеттік.

Таң азанымен хабарласып, елдің ұйқысын бұзуды жөн санамай, ешкімге хабарласып, жағдайды айтпадық», – деп жазды Ләззат Кендебайқызы фейсбук парақшасында.

Фото: Ләззат Кендебайқызының парақшасынан алдынды

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу