freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды ресми түрде қарсы алды

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды ресми түрде қарсы алды
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тәуелсіздік сарайының алдына келген Түркия Президентін Мемлекет басшысы өзі қарсы алып, жылы ықылас білдірді. Құрмет рәсімі барысында әуеде жойғыш ұшақтар ұшып өтіп, Түркияның мемлекеттік туын бейнеледі. Бұл салтанат сапардың жоғары деңгейін айшықтай түсті.

Сарай ішіне кіргеннен кейін екі ел президенттері бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат беріп, салтанатты рәсім басталды. Президент оркестрі Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік Әнұрандарын орындады.

Әнұрандар аяқталғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Мемлекеттік Туға қарай бет алды. Түркия Президенті ту алдына келіп, басын сәл иіп, құрметін білдірді.

Рәсімнен кейін екі мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүріп өтіп, қарауыл бастығымен қоштасты.

Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылауда. Сондай-ақ сапар аясында Қазақстан–Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді деп жоспарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу