Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

Спорт
Қазақ футболшысына Еуропа клубтары көз тікті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қысқы трансфер кезінде команда ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

22 жастағы вингерге Испания Сегундасындағы (екінші дивизион) және Словакия чемпионатындағы бір клуб қызығушылық танытып отыр.

Vesti.kz сайты жазғандай, қазіргі таңда тараптар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Футболшының өзі Испанияға барғысы келеді. Ал словакиялық клуб барынша тиімді ұсыныс жасап отырған көрінеді.

Ғалымжан қазір Кипрдің «Акритас» командасында ойнап жүр. Биылғы маусымда 13 матчқа қатысып, 5 гол соқты. Ол «Қайрат» футбол мектебінің түлегі.

Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу