Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ студенттері жасаған қосымша танымал болып, атақты Duolingo-ны артта қалдырды

Білім-ғылым
Қазақ студенттері жасаған қосымша танымал болып, атақты Duolingo-ны артта қалдырды
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ жастары әзірлеген ағылшын тілін үйрететін Aleem қосымшасы әлемдік деңгейде үлкен жетістікке жетті, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

App Store платформасында Aleem жүктелу саны бойынша әйгілі Duolingo қосымшасын басып озып, бірінші орынға шықты. Бұл жобаны АҚШ-та білім алып жүрген қазақстандық студенттер — Алидар Күчуков пен Асылжан Алтай бастаған команда әзірлеген.

«Біз бұл қосымшаны ешқандай инвестициясыз, тек өз еңбегімізбен және мыңдаған сағат жұмыс істеп жасадық. Қазір Aleem — Platonus, Quizlet, Kahoot және ChatGPT сияқты платформаларды да артта қалдырды. Бір сөзбен айтқанда, ағылшын сабағындағы ұстазыңызға айналамыз», – дейді авторлар.

Қосымшада қолданушылар өз деңгейіне сай тегін сабақтар ала алады. Жоба жетекшілері сапалы білімді баршаға қолжетімді етуді мақсат тұтқанын атап өтті.

«Біздің мақсат – әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға, әсіресе мұғалімдер тапшы аймақтарда, ең үздік оқулық пен ұстазды қолжетімді ету», – дейді команда мүшелері.

Жобаның техникалық директоры – Темірлан Аманжанов, креативті басқарушысы – Ален Алтай, ал операциялық директоры – Бердібек Сапарбеков.

Aleem қосымшасы бір күн ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда App Store тізімінде бірінші орынға шықты. Ресей мен Әзербайжанда екінші орынға тұрақтаған. Ал үш күнде әлемнің 107 елінен 60 мың қолданушы тіркелген.

Команда алдағы уақытта қосымшаны қазақ және басқа да тілдерге бейімдеп, бейнематериалдар мен кітап оқу функцияларын енгізуді жоспарлап отыр.

«Біз Aleem жобасын жаһандық деңгейге шығарып, тіл үйретудің жаңа стандартын қалыптастырғымыз келеді. Қазірдің өзінде АҚШ, Еуропа және Қазақстанның ірі инвестициялық қорлары бізбен байланысып жатыр», – деді авторлар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу