Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ тілін мазақ қылған Черчесов айыппұл төлейтін болды

Қоғам
Қазақ тілін мазақ қылған Черчесов айыппұл төлейтін болды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Федерация басшысы Әділет Бәрменқұлов шектен шыққан Черчесовке айыппұл салынғанын айтты. 

"Қателіктер бар, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шықты. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызын түсіндірдім. Біз ол туралы Черчесовтің өзімен сөйлестік. Оған айыппұл салынды", - деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.

Федерация мәліметінше айыппұл соммасы 200 АЕК немесе 738 400 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол командасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске “сен француз тілінде сөйлеп отырсың ба?” деген еді. Оның осы сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп, оны сынағандар көп болды. 

Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу