freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі

Қоғам
«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі
ФОТО: ©ҚАЗАҚМЫС

«Қазақмыс» тобында өндірістік арнайы киімнің бірыңғай стандартына кезең-кезеңмен көшу жалғасуда. Жаңартылған арнайы киім үлгілері нақты еңбек жағдайын ескере отырып, жер үсті және жер асты жұмыстарындағы ерекшелікке сай дайындалды.

Басты міндет – арнайы киімді барынша ыңғайлы, сенімді әрі функционалды ету. Өндіріс алаңында анық көріну үшін жаңа үлгідегі киімнің түсі өзгертілді. Ыңғайлы болғандықтан және жылдам тағылып-шешілетіндіктен түйменің орнына сыдырма мен батырма қолданылды. Шаң мен суықтан жақсырақ қорғау үшін қайырма жаға тік жағаға ауыстырылды. Шалбардың бел тұсының артқы бөлігі биіктетіліп, жылы болу үшін қосымша қабат қосылды. Бұл жерасты жұмысын орындауда аса маңызды. Сонымен қатар құралдарға арналған қосымша қалталар мен ауа алмасуды қамтамасыз ететін вентиляциялық элементтер қарастырылған.
Арнайы киім үлгісінің жаңа стандартына көшу бірқатар өндіріс алаңдарында 2025 жылы  жүзеге асырылды. 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жаңартылған арнайы киім Жезқазған тау-кен өндірісінің кәсіпорындарына енгізіледі.
Арнайы киімнің бірыңғай стандартын енгізудің мақсаты – күнделікті жұмыста жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаңа стандарт жұмыс үдерісін ыңғайлы әрі қауіпсіз етуі тиіс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу