freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыстың 2026 жылға арналған жоспары талқыланды

Қоғам
Қазақмыстың 2026 жылға арналған жоспары талқыланды
ФОТОЛАР: ©ҚАЗАҚМЫС

Жезқазғанда корпорацияның Басқарма басшысы Руслан Өскенәлінің төрағалығымен компания басшылығы және кәсіпорындардағы еңбек ұжымының қатысуымен жұмыс жиналысы өтті. Кездесу барысында Қазақмыстың 2026 жылға арналған негізгі даму бағыттары айқындалды. Әр бағыт бойынша нақты ақпаратты Басқарма төрағасының тиісті блоктарға жауапты орынбасарлары баяндады.
 

Жезқазғанда корпорацияның Басқарма басшысы Руслан Өскенәлінің төрағалығымен компания басшылығы және кәсіпорындардағы еңбек ұжымының қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Компанияның басым бағыты саналатын өндірістік қауіпсіздік мәдениетін дамыту кездесудің басты тақырыбы болды. Жұмыскерлерге адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жабдыққа қауіп төндіретін жағдай анықталған кезде, еңбекті қорғау талаптары бұзылғанда немесе еңбек жағдайының қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені анықталғанда жұмысты тоқтату құқы бар екені ескертілді.

2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздікті дамытудың негізгі бағыттары белгіленді: қауіпсіздікке инвестиция салу, арнайы киімнің бірыңғай стандартын енгізу, коммуникациялық және ынталандыру бағдарламаларын дамыту, оқытуды жетілдіру, медициналық тексеруді автоматтандыру және рәсімдерді стандарттау.

2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздікті дамытудың негізгі бағыттары белгіленді: қауіпсіздікке инвестиция салу, арнайы киімнің бірыңғай стандартын енгізу, коммуникациялық және ынталандыру бағдарламаларын дамыту, оқытуды жетілдіру, медициналық тексеруді автоматтандыру және рәсімдерді стандарттау.


Минералдық-шикізаттық базаны дамыту мен геологиялық барлауға ерекше назар аударылды. 2025 жылы Micromine компаниясы Micromine O&B бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, бес кеніште геологиялық-маркшейдерлік жұмысқа аудит жүргізді. Қорытындысында Micromine Advance оқыту бағдарламасын енгізу, литологиялық және гидрологиялық модель әзірлеу, Geobank жүйесімен жұмыс істеуге оқыту және цифрлық құралдарды одан әрі дамыту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ арнайы техниканы әр 3-5 жыл сайын жоспарлы түрде ауыстыру циклын енгізу, жұмыс орнының корпоративтік стандартын әзірлеу, шығынның тиімділігін арттыру мақсатында техника паркін біріздендіру, сондай-ақ жабдықтарды жеткізу және оларға сервистік қызмет көрсету бойынша стратегиялық серіктестерді айқындау жөнінде шешім қабылданды.

Геологиялық және маркшейдерлік бөлімшелер үшін ескірген ғимараттардың орнына жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешен салу мәселесі талқыланды.

2026 жылға арналған өндірістік қауіпсіздікті дамытудың негізгі бағыттары белгіленді: қауіпсіздікке инвестиция салу, арнайы киімнің бірыңғай стандартын енгізу, коммуникациялық және ынталандыру бағдарламаларын дамыту, оқытуды жетілдіру, медициналық тексеруді автоматтандыру және рәсімдерді стандарттау.


Жезқазған қаласында орналасқан Орталық Азиядағы алғашқы Геологиялық кластердің жұмысына ерекше назар аударылды. Жалпы ауданы 14 мың шаршы метрден асатын кешен 200 жұмыс орнына арналған. Оның құрылымына оқу орталығы, кітапхана, жатақхана, ALS аналитикалық зертханасы, Colorado School of Mines университетімен бірлесіп ашылған Қазақстандағы алғашқы геофизикалық зертхана, мұражай, кеңсе ғимараты, жөндеу-механикалық цехы және көлемі 200 мың қума метрден асатын керн сақтау қоймасы кіреді.

2026 жылға арналған өндірістік жоспар 31,6 млн тонна кен өндіруді, шамамен 33 млн тонна кеннен мыс концентратын өңдеп, шығаруды көздейді.

Жезқазған, Қарағанды және Балқаш өңірлерінің кеніштерінде, сондай-ақ Шатыркөл-Жайсаң кластері аумағында даму жобаларын іске асыру жоспарланған. Аталған жобалар өндіру көлемін тұрақтандыруға, геомеханикалық орнықтылықты арттыруға және кен орындарын пайдалану мерзімін 2032-2052 жылдарға дейін ұзартуға бағытталған.

Экология мәселесі корпорация үшін стратегиялық бағыт болып қала береді. Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын іске асыру аясында ЖМЗ-да 34 іс-шара, ал БМЗ-да аспирациялық және газ тазалау жүйелерін жаңғырту бойынша 28 іс-шара өткізу көзделген. Бұл шаралар шығарындыларды кезең-кезеңімен ең үздік қолжетімді технологиялар нормативіне сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Негізгі жобалардың қатарында Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарында екі күкірт қышқылы цехын салу жоспары бар. Бұл нысандар ЕҮҚТ нормативіне қол жеткізудегі маңызды қадам болмақ. Аталған кешендер зиянды шығарындылардың мөлшерін едәуір қысқартуға, заманауи экологиялық технологияны енгізуге және өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл нысандар ЕҮҚТ нормативіне қол жеткізудегі маңызды қадам болмақ. Аталған кешендер зиянды шығарындылардың мөлшерін едәуір қысқартуға, заманауи экологиялық технологияны енгізуге және өндірістік қуатты арттыруға мүмкіндік береді.


Сондай-ақ БМЗ-ны жаңғырту мәселесі талқыланды. Жаңа зауыттың құрылысы катодты мыс өндірісін жылына 300 мың тоннаға дейін арттыруға және Қазақстан Республикасындағы барлық қолжетімді концентратты өңдеуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысында жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі сөз болды. 2026 жылы әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға шамамен 11,9 млрд теңге бөлу көзделген.

Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі кәсіпорын өндірістік үдерістердің тұрақтылығын және еңбек ұжымы алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын тілге тиек етіп, әрбір қызметкердің әл-ауқатын арттыруға басымдық беріліп, жоспарлы жұмыс жалғаса беретінін тағы бір мәрте атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу