Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмысынан қуылды

Қоғам
Қазақша сөйлеуден бас тартқан мейрамхана қызметкері жұмысынан қуылды
видеодан скриншот

Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда мейрамханада болған жағдайға байланысты ішкі тексеру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады, деп жазды Sadaq.kz.

«Gusto мейрамханасы 21 желтоқсанда мейрамханамызда орын алған жағдайға байланысты ішкі тексеру жұмыстарын аяқтады. Тексеру нәтижесі бойынша сервис стандарттары мен корпоративтік коммуникация талаптарына сәйкес мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданды.

Аталған шешім тек ішкі шара болып табылады және оқиғаға қатысқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді көздемейді. Оқиғаға байланысты одан әрі қарау заңнамада белгіленген тәртіппен тараптардың өзара қатысуымен жүзеге асырылуда.

Gusto мейрамханасы қонақтармен әрдайым сыйластық пен әдепті қарым-қатынас қағидаттарын ұстанады. Қандай жағдай болмасын, дөрекі немесе орынсыз сөйлеу тәсіліне жол берілмейді және бұл біздің сервис стандарттарымызға қайшы келеді. Осыған байланысты біз ішкі регламенттерді күшейтіп, қызметкерлермен қосымша жұмыс жүргізуді қолға алдық.

Gusto мейрамханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін құрметтейді және қонақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Орын алған жағдайдың қоғамда теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреміз және көрсеткен түсіністік пен кері байланыс үшін қонақтарымызға алғыс айтамыз», – делінген мейрамхана таратқан мәлімдемеде. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу