Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Ауғанстанның Сенімді өкілін аккредиттеді

Саясат
Қазақстан Ауғанстанның Сенімді өкілін аккредиттеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ауғанстан дипломатиялық өкілдігінің басшысы Мохаммад Ур Рехман Рахманиді қабылдады.


Кездесу барысында Ә.Бақаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойынша М.Рахманиді Ауғанстанның ҚР-дағы Сенімді өкілі ретінде аккредиттегенін мәлімдеді.

Ауғанстанның аймақтық қатынастарға белсенді араласуы ел экономикасын қалпына келтіруге, ауған халқының жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты, сондай-ақ аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосымша жағдай жасайды.

Қазақстан Ауғанстанға көмек көрсету және күрделі гуманитарлық мәселелерді шешу үшін күш біріктіруді жақтайды. Осы мақсатта Қазақстан Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құруды ұсынды.

Фото: Gov.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу