Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан ЕАЭО аумағында банктік кепілдіктерді қабылдайтынын растады

Экономика
Қазақстан ЕАЭО аумағында банктік кепілдіктерді қабылдайтынын растады

Қазақстан ЕАЭО аумағында банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 24 қаңтарында Президент мемлекеттік сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану туралы заңға қол қойған.

Келісім банк кепілдіктерін тануды қарастырып, өнім берушілерге ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысуға мүмкіндік береді. 

Енді қазақстандық кәсіпкерлер өз қаржы ұйымдарының кепілдіктерімен ЕАЭО елдеріндегі сатып алуларға қосымша рәсімдеусіз қатыса алады. ЕАЭО мемлекеттік сатып алу нарығы 100 млрд доллардан асады. Келісім ұлттық бизнесті шектеулерден босатады, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде. 

 Барлық ЕАЭО елдері ратификациялау рәсімін аяқтаған.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу