freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мен Қытай шекарасында уақытша шектеу енгізіледі

Қоғам
Қазақстан мен Қытай шекарасында уақытша шектеу енгізіледі
Фото: gov.kz

5 сәуірде Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бірнеше өткізу пункті жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл шектеу Қытайдағы Цинмин мерекесіне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Қытай Халық Республикасындағы «Цинмин» (марқұмдарды еске алу күні) мерекесіне орай, жексенбі күні Бақты (Абай облысы); Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы); Достық (Жетісу облысы); Нұр Жолы (Жетісу облысы); Қалжат (Алматы облысы) өткізу пункттерінде қозғалыс тоқтайды. 

Бұл ақпаратты Қазақстанның кеден қызметі жанындағы тиісті өкілдіктер растады. Мекеме өкілдері тасымалдаушылар мен жолаушыларға бағыттарын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Шекарадағы шектеулерге қарамастан, Жетісу облысындағы екі теміржол өткізу пункті жөнелту мен қабылдауды жалғастыра береді. Олар:

1. «Достық» теміржол бекеті;

2. «Алтынкөл» теміржол бекеті.

Бұл бекеттер тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Егер сапарыңыз шұғыл болса, теміржол қатынасын пайдалану ұсынылады.

Цинмин мерекесі — Қытай мәдениетіндегі ең маңызды күндердің бірі. Бұл күні халық ата-баба рухына тағзым етіп, зираттарды ретке келтіреді. Дәстүр бойынша қытайлықтар марқұмдардың басына гүл мен тағам апарып, құрмет көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу