freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан теннисшілері әлемдегі ең үздік жеті құраманың қатарына қосылды

Спорт
Қазақстан теннисшілері әлемдегі ең үздік жеті құраманың қатарына қосылды
ҚТФ

Әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған әлемдік рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанадағы айтулы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы өз көрсеткішін жақсартып, тоғызыншы сатыдан жетінші орынға көтерілді. 

Рейтингтегі ілгерілеуге іріктеу кезеңінде 2023 жылғы әлем чемпиондары – Канада құрамасын жеңуі себеп болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Шэньчжэньде (Қытай) өтетін Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Әлемдік рейтингте Италия көш бастап тұр. Сондай-ақ үздік үштікке Ұлыбритания мен Украина енді. Жаңартылған тізімде Қазақстан Канаданы артқа тастап, Испания, Чехия және АҚШ бастаған алдыңғы қатарлы топқа жақындады.Әлемдегі ең үздік жеті команданың қатарына ену – қазақстандық теннис мектебінің жоғары деңгейін және құраманың халықаралық аренадағы тұрақты нәтижелерін айқын дәлелдейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу