Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда алдағы күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Қоғам
Қазақстанда алдағы күндері 37 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды  Malim.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай мен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

10 мамырда солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжануда.

Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6-16-дан 10-20-ға дейін, күндіз 18-26-дан 20-35-ке дейін, солтүстігінде түнде 10-17-ден 5-13-ке дейін, күндіз 17-27-ден 13-23-ке дейін, республиканың оңтүстігінде түнде 12-20-ға дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Фото: Pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу