freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан аумағында аусылға қарсы вакцина өндірілмек

Қоғам
Қазақстан аумағында аусылға қарсы вакцина өндірілмек
АШМ баспасөз қызметі

Boehringer Ingelheim фармацевтикалық компаниясы Қазақстанда аусылға қарсы ветеринарлық вакцина өндіру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz APK News-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ғабидолла Оспанқұлов Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, QazBioPharm ұлттық холдингі және Kazakh Invest ұлттық компаниясының өкілдерімен бірге француздық Boehringer Ingelheim компаниясының өкілдерімен кездесті.

"Кездесуде аусылға қарсы ветеринарлық вакциналарды өндіру бойынша инвестициялық жобаның қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды. Ынтымақтастықтың алғашқы жылы оң нәтижелер берді және құзыреттер мен технологияларды біртіндеп беру кезеңіне көшу жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.

Тараптар жобаны іске асыру бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға, соның ішінде вакциналарды қазіргі эпизоотикалық жағдайларға бейімдеуге және Қазақстанның агробиотехнология саласына инвестицияларды одан әрі тартуға байланысты мәселелерді шешуге келісті.

Boehringer Ingelheim – әлемдегі жетекші фармацевтикалық компаниялардың бірі. Ол аусылға қарсы вакциналар өндірісінде жетекші орындардың бірін иеленеді және өзінің вакциналар банкіне ие.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу