freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 11,7%-ға қымбаттады

Қоғам
Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 11,7%-ға қымбаттады
pixabay

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында елдегі азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде орта есеппен 11,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен жоғары (+7,6%).

Бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында (+16,2%), Ақмола облысында (+14,3%) және Маңғыстау облысында (+14,1%) тіркелген. Елдің 20 өңірінің 11-інде азық-түлік инфляциясы республикалық орташа деңгейден асып түскені байқалады.

Өңірлер бойынша баға динамикасында айтарлықтай айырмашылық бар. Мәселен, қарақұмық 14 қалада қымбаттап, 6 қалада арзандаған. Ең жоғары өсім Көкшетауда тіркеліп, бағасы 35,6%-ға артқан, ал Петропавлда керісінше 1,9%-ға төмендеген.

Балық бағасы 6 қалада арзандағанымен, 14 қалада қымбаттаған. Ал көкөніс нарығында керісінше үрдіс байқалады: көптеген өңірде қияр мен қызанақтың бағасы өткен жылдың наурызымен салыстырғанда төмендеген.

Соған қарамастан, кейбір өңірлерде бағаның айтарлықтай өсуі тіркелген. Мәселен, Жезқазғанда қияр 30,8%-ға, қызанақ 32,4%-ға қымбаттаса, Ақтауда қызанақ бағасы 28,9%-ға өскен. Ал Ақтөбеде бұл өнім 11,9%-ға арзандаған.

Ет өнімдерінің де қымбатағаны байқалады. Сиыр еті мен тауық еті елдің басым бөлігінде өсім көрсеткен. Ең жоғары баға өсімі Петропавлда (+30,2%) және Талдықорғанда (+32,8%) тіркелген. Астанадағы өсім 8,2%-ға жеткен.

Finprom деректеріне сәйкес, қазақстандықтар табысының едәуір бөлігін әлі де азық-түлікке жұмсайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір адамға шаққандағы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға орташа шығын 615,5 мың теңгеге жеткен. Бір жыл ішінде аталған шығын шамамен 14%-ға өскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу