freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттай ма?

Қоғам
Қазақстанда бензин бағасы қымбаттай ма?
Фото: Pexels

Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ және ішкі нарықта отын қоры жеткілікті. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-министрдің сөзінше, жанармай бағасы нарықтық жолмен қалыптасады, яғни мемлекеттік деңгейде реттелмейді. Қазіргі уақытта елде шамамен 600 мың тонна бензин және 600 мың тонна дизель отыны бар, сондықтан ішкі нарықта отын тапшылығы жоқ.

Санжар Жаркешов бағаның негізсіз немесе күрт өсуіне жол берілмейтінін атап өтті:

Уәкілетті органдар нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отырады, отын бағасын өсіруге негіз жоқ, – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 қазанынан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынына баға мораторийі енгізілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу