Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ

Денсаулық
Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ

Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ, деп хабарлайды Malim.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда кальян сатуға шектеу қою мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, бүгінде кальянды тамақтану орындары мен кеңсе, саябақтарда қолдануға рұқсат жоқ. Мәселен, тыйым салынған жерде кальян шеккен азаматқа 55 мың теңге, сатқан кәсіпкерге 185 мың теңге айыппұл салу қарастырылған. Десе де, заңға бағынбай, зиянды өнімді тұтынатындар саны аз емес. 

Әзірге заң жобасы әзірленіп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда кальян ұсынатын мейрамхана иелеріне жаза күшейтілетіні белгілі болғсн еді.

Фото: dzen.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу