freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жаңа банк пайда болуы мүмкін

Экономика
Қазақстанда жаңа банк пайда болуы мүмкін
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Қазақстанда Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі коммерциялық банктердің бірі - China Construction Bank-тің еншілес банкі ашылуы мүмкін. Мұндай жоспарлар туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі басшылығының China Construction Bank (CCB) төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесуі өтті.

"Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму перспективалары, екіжақты қаржылық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құру мәселесі талқыланды", -- делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдіргені хабарланды.

Анықтама: China Construction Bank (CCB, Қытай құрылыс банкі) - елдегі жетекші мемлекеттік қаржы институттарының "алғашқы төрттігіне" кіретін Қытай мен бүкіл әлемдегі ең ірі коммерциялық банктердің бірі. Банк 6 триллион доллардан астам активтерді басқарады және оның бүкіл әлем бойынша кең филиалдар желісі бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу