Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды

Сұқбат
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды

Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы ребрендинг арқылы атауын Қазақстан Халық партиясына өзгертті.

Партия бүгін сайлауалды съезін өткізіп, онда партия атауын өзгертуді бірауыздан қолдады.

"Әлемде социологиялық идеология танымал болып келеді. Нәтижесінде Қазақстан мен шетелде оны қолдайтындар көбейіп жатыр. Басқа партиялардың бағдарламаларында аталмайтын осы адамдар тобын өзімізге тарту маңызды. Бұл ретте саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың өзгеруіне бұл бағытқа сұраныс артты және соған сай әрекет ету керектігін ескере отырып, ҚКХП стратегиясын Қазақстан Халық партиясына ребрендинг жасау ұсынылды", - делінген партияның саяси бюро қаулысының жобасында.

Съезге қатысушылар бұл ұсынысты қолдап, партия атауын өзгертетін болды. Съезде Айқын Қоңыров Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу