Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Қоғам
Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Берік Асыловтың айтуынша, бұл - қарапайым халықтың саналы таңдауы, тәртіп, денсаулық және балаларының болашағы үшін жасалған шешім.

"Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы бір ауылда тұрғындар ішімдікті сатудан өз еркімен бас тартып, бұл туралы бейнероликті әлеуметтік желілерде жариялады. Осындай мысалдар Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда кездеседі. Иә, елдегі барлық ауыл санын ескерсек, теңізге тамған тамшыдай көрінуі мүмкін. Бірақ бастысы оң серпін бар. Мұндай елді мекендер саны артып келеді", - деді ол.

Бас прокурор халық сенім мен тұрақтылықты, тыныштықты жоғары бағалап, бір-біріне үлгі бола бастағанын айтты.

"Бастама ауыл ақсақалдары мен қоғамдық кеңестерден шығып, прокуратура, полиция және жергілікті әкімдіктердің тарапынан үйлестіру, алдын алу және қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Ауыл кәсіпкерлері ерекше алғысқа лайық. Жерлестерінің үнін естіп, дүкен сөрелерінен ішімдікті өз еркімен алып тастады. Күмәнданғанмен, табыстары азайған жоқ. Керісінше ауыл тұрғындары ішімдіктің орнына балаларға пайдалы азық-түліктерді жиі сатып ала бастады", - деді ол.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу