Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандағы су тасқыны: Өңірлерге қолдау көрсету тәулік бойы жүргізіліп жатыр (ВИДЕО)

Қоғам
Қазақстандағы су тасқыны: Өңірлерге қолдау көрсету тәулік бойы жүргізіліп жатыр (ВИДЕО)

Еліміздің 8 өңірінде төтенше жағдай режимі жалғасып жатыр. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында. 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыста келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеуде.

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.

Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу