Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Спорт
Қазақстандық теннисші сенсация жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингісінде 75-орында) Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан ATP 1000 сериясындағы топырақ жабынды турнирдің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңді. Кездесу 6:4, 0:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Александр Мадрид турнирі 2002 жылы ұйымдастырыла бастағалы бері ерлер арасындағы жекелей сайыста, қазіргі чемпионды алғашқы кездесуінде жеңе алған тек екінші ойыншы атанды (бұған дейін мұндай жетістікке 2004 жылы португалиялық Луиш Орна қол жеткізген).

Келесі айналымда Бублик чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу