Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар Ұлттық қордан 13 млн доллар алды

Экономика
Қазақстандықтар Ұлттық қордан 13 млн доллар алды

2024 жылғы ақпаннан 2025 жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық балалар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 13,3 миллион доллар алды. Уәкілетті оператор 108 694 өтінім бойынша қаражат аударды, ақша өтініш берушілердің банк шоттарына түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

64 мыңнан астам өтінім – 7,95 миллион доллар – тұрғын үй жағдайын жақсартуға берілген. Ал 44,4 мыңға жуық өтінім – 5,38 миллион доллар – білім ақысын төлеуге бағытталған, деп хабарлады БЖЗҚ.

Білім ақысын төлеу үшін қаражат көбінесе ел ішінде пайдаланылған — 39 мыңнан астам өтінім бойынша 4,79 миллион доллар. Сондай-ақ білім беру жинақ салымдары толықтырылды (3 935 өтінім, 437 мың доллар) және шетелдегі оқу ақысы төленді (1 113 өтінім, 123 мың доллар).

Алушылар мақсатты жинақтың бүкіл сомасын да, бір бөлігін ғана да пайдалана алады. Қолданылмаған ақша арнайы шотта қалады.

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу