Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанға "гонконгтық вирус" келді ме? - ДСМ жауабы

Денсаулық
Қазақстанға "гонконгтық вирус" келді ме? - ДСМ жауабы
Gov.kz

Үкіметтің баспасөз брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандықтар арасында тарап жақтан ЖРВИ-дің жаңа індет емес екенін түсіндірді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қазір адамдардың көп ауырып жатқанын мезгілмен байланыстырды. 

“Күз – көңіл күй түсіп, тұмаудың басталатын мезгілі. Мұны бізге 30 жыл бұрын да үйреткен. Бұл жай ғана маусымдық вирус. Елде ешқандай жаңа эпидемия жоқ”, – деді ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова да аурушаңдық деңгейі қалыпты екенін атап өтті.

Қазір ЖРВИ мен тұмауға шалдығу деңгейі жыл сайынғы эпидемиялық маусымның шегінде. Бізде бұл маусым қыркүйектен сәуірдің соңына дейін созылады. Қазір айналымда жүрген вирустар бұрыннан белгілі тұмау вирустары. Мысалы, кей БАҚ-та жиі аталып жүрген "гонконгтық вирус"емес, ол алғаш рет 1960-жылдары анықталған. Қазір ол жыл сайын айналымда болатын қалыпты вирус”, –  деді Қожапова. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу