Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Қоғам
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

2025 жылғы 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға 6 елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады.  

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 17 маусымында «SCAT» әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматтарын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады. Рейс қолданыстағы шектеулерге сәйкес толық орындалды.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу