Бүгін Қазақстанның жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтеді. Жаңа құрамға сайланған 145 депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталды.
Құрылтай депутаттары 23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партияның өкілдерінен жасақталды. Мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі – 110 орын. «Ауыл» партиясы 10, Respublica 9, «Ақ жол» партиясы 8, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 мандат алды.
Сайлау нәтижесінде «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, айқын басымдыққа ие болды. «Ауыл» – 6,26, Respublica – 5,56, «Ақ жол» – 5,21, ал ЖСДП 5,11 пайыз дауыс алды. Осы бес партия ғана заңда белгіленген 5 пайыздық межеден өтті.
Алғашқы сессия Құрылтайдың жаңа шақырылымының жұмысын бастайды. Жаңа заң шығарушы органның құрамына әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтарға қатысты белгіленген квоталар да ескерілген. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.