Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек

Саясат
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек

Қоғамда тәртіп орнату үшін Ұлттық қордан 19,7 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылғы республикалық бюджетке мақсатты трансферт бөлу. Оның ішінде: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 19,7 миллиард теңге бөлу», - делінген "ҚР Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған мақсатты трансферт бөлу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы №429 жарлыққа өзгеріс енгізу туралы» президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Жаңа жоба 2021 жылы Ұлттық қордан мақсатты трансферт мөлшері екі есеге - 1,85 триллион теңге ұлғайтуды көздейді.

Қазақстанда 2019 жылдан бері халық наразылығы күшейген. Президент сайлауы (2019 жылдың 9 маусымында) кезінде болған қарсылық акцияларында (ресми дерек бойынша) 4 мыңнан астам адам ұсталған.

«4 мыңға жуық адам ұсталды. Олардың 3 мыңы 3 сағаттан кейін босатылды. 677 адам сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды», - деген сол уақытта ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бірақ құқық қорғаушылар мен оппозиция өкілдері наразылық акциялары кезінде ұсталған адамдардың саны билік айтқаннан әлде қайда көп екенін мәлімдеген. Олар өз сөздеріне дәлел ретінде «Алматы мен Астана қалаларында ұсталған адамдардың полиция учаскелеріне сыймай, облыс аумағына жіберілгенін» мысалға келтірген.   

2021 жылдың ақпан айында Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы саяси жағдайды сынап, санкция салуды ұсынып, арнайы қарар қабылдаған.

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу