Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев түзетулерді бекітті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оған сәйкес, тауарларды бөліп төлеу және қолма-қол ақшаға сату кезінде дүкендер бөлек бағаларды көрсетуге міндетті.
«Ішкі сауда субъектісі тауарды өз қаражаты есебінен бөліп төлеу арқылы және біржолғы төлеммен сату кезінде бөлек бағаларды көрсетеді», – делінген бұйрық мәтінінде.
Бұйрық 11 қазаннан бастап күшіне енеді.
Фото: pixabay