Қостанай қаласында 2010 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бойынша алдын ала тергеу басталды.
Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Трагедияның себептері анықталуда, тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.