Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құқық қорғаушы Ринат Рафхат қайтыс болды

Қоғам
Құқық қорғаушы Ринат Рафхат қайтыс болды
Фото: Facebook/Ринат Рафхат

Бүгін, 2025 жылғы 23 желтоқсан күні, белгілі құқық қорғаушы және азаматтық белсенді Ринат Рафхаттың өмірден өткендігі белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Ринат Рафхат – Қазақстандағы адам құқығы, әділ сот, заң әділеттілігі мәселелерін ашық насихаттаған қоғамдық белсенді болған. Ол Қазақстандағы ең атышулы сот істеріне қатысып, үнемі пікір білдіріп отырды. Қоғамдағы көп жағдайды сынап, бүкпесіз елге жеткізуға тырысты.

Ол 8 жыл бойы Айна Шорманбаева бастаған «Халықаралық құқықтық Бастама» ұйымында істеді. Қытайдан келген, туыстары концлагерлерде қалған азаматтардың мәселесін көтерді. Думан Мұхамедкәрімнің, Айгерім Тілеужанның және Қаңтар оқиғасына байланысты сот отырыстары жайлы өз пікірін ашық жазып отырды. Тілшілермен бірге сол сот отырыстарына келе жатқанда оны полиция тоқтатқан кездері болған.

Бір жыл бұрын бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген 16 жастағы Шерзат Полаттың ісін де тікелей бақылап, заңсыздықтарды қалт жібермей жариялап отырды.

Ол 2025 жылдың қаңтар айында Атырауға туған  ауылына қайтқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу