Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Құрбандарын 45 миллион теңгеге алдап кеткен қазақстандық Польшадан экстрадицияланды

Қоғам
Құрбандарын 45 миллион теңгеге алдап кеткен қазақстандық Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді, - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.

Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: nashaniva.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу