Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытай басшысы Ресейге барғалы жатыр

Әлем
Қытай басшысы Ресейге барғалы жатыр

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Путиннің шақыруымен 7-10 мамыр аралығында Ресейге ресми сапармен барады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.


Қытай басшысы Екінші дүниежүзлік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысатыны атап өтілді. Сондай-ақ мемлекет басшылары арасында келіссөздер жүргізіліп, құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Келіссөздерде жан-жақты серіктестік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері, халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланады. Бірқатар екіжақты үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Фото: kommersant.ru  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу