Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қыз зорлады» деп айыптылған Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады

Спорт
«Қыз зорлады» деп айыптылған Жанқош Тұраровтың әйелі мәлімдеме жасады

«Қыз зорлады» деп айып тағылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Былғары қолғап шеберінің жұбайы уайымдап хабарласып жатқан адамдарға басу айтты.

Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген «құрбы-таныстың» бәрі бүгін түннен бері хабарласып, хал-жағдай сұрасты ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр, - деп жазды Клара Иса Instagram-дағы Stories-те.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде алғашқы жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Мұны көп ұзамай Алматы қаласының Полиция департаменті де растады.

Дегенмен боксшының өзі бұл ақпараттың жалған екенін, тиісінше енді олар сотта жауап беретінін айтты.

Таңнан бері маған миллион хат келді. Өзім де аң-таңмын. Бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Жала жабу. Жалған ақпарат таратқан БАҚ өкілдерін де сотқа беремін, - деді Тұраров.

Фото: instagram.com/klarita_os

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу