Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды

Құқық
Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды

Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидиялар қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық прокуратура ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығына тексеру жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидиялар негізсіз берілгенін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекетке 47 шаруашылық жүргізуші субъектіге негізсіз берілген 90 млн теңге субсидия қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдаланып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен несиелік қаражатты қолды болған еді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу